Image removed.

«Алматы облысы, Қаратал ауданы, Балпық ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі.

 

Мекен-жайы : Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылы , Жамбыл көшесі № 43.

Байланыс телефондары : 2-87-33.

Балпық ауылдық округінің әкімі Актанбеков Ерлан Ергалиевич. Жаңаталап селолық Кеңесі 1933 жылы құрылды. Оның құрамына  Жаңаталап, Оян, Ұмтыл, Бірінші Май ауылдары кірген. Селолық  Кеңес аумағында «Қаратал» қой совхозы  орналасқан. Негізгі бағыттарының бірі- егіншілік,  содан кейін мал шаруашылығы да қарқынды дамуда. Селолық Кеңес аумағында бір орта мектеп, бір орталау мектебі , бір бала бақшасы, бір мектеп интернаты, клубы болған.«Қаратал » қой совхозы тарап, «Қаратал» акционерлік қоғамы бөлініп шықты. Балабақша, мектеп-интернат, клубы жойылған.1994 жылы Жаңаталап ауылдық әкімшілігі , 1996 жылдан Жетысудың мәңгі жасар асылының бірі,ел ардақтысы Балпық би ауылдық әкімшілігі атанды.,1997 жылдан бастап Балпық ауылдық округінің әкімішлігі  ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Балпық ауылдық округі Қаратал ауданының орталығына 7 шақырым жерде орналасқан., ауданы 98789 гектарды құрайды.

Балпық ауылдық округіне үш ауыл кіреді: Жаңаталап ауылы, Оян ауылы, Ұмтыл ауылы. Округ бойынша барлығы -2434 адам тұрады.

Жаңаталап ауылында 1676 адам, 270  аула шаруашылығы бар. Оян ауылында 547 адам, 98 аула шаруашылығы бар. Ұмтыл ауылында 211 адам, 36 аула шаруашылығы бар.

Бүгінгі күні округте мал, егін шаруашылығымен айналысатын «Қаратал» акционерлік қоғамы, «Жанкер» ЖШС, 17 жеке шаруа қожалықтары орналасқан.

Ауылдық округ  аумағында орналасқан : мектепке дейінгі шағын орталықпен орта мектеп, орталау мектеп, бастауыш мектеп, ауыл кітапханасы, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік пункттер, пошта бөлімі, дүкендер.